Ауыспалы егіс жүйесінің құрылымын жетілдіруге арналған практикалық ұсынымдар

29.03.2021 4 716
эспарцет

Кез келген егіншілік саласының басты негізгі буыны ауыспалы егіс болып табылады. Ауыспалы егістегі ауыл шаруашылығы дақылдарының дұрыс орналасуын пайдаланғанда ғана өңделген жерлердерді жақсартуға бағытталған барлық агротехникалық шаралардың тиімділігі артады, дақылдардың биологиялық қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылады, технологияны біркелкі ыңғайлы қолдануға қол жеткізіледі және өндіріс шығындары азаяды.

Соңғы жылдары өңделген егістік жерлердің құрылымының пайдалану жағдайының талдауы көрсеткендей, өңірдің әр түрлі топырақ-климаттық аймақтарында нақты егіншілік жүйесінің элементтерін қолдану арқылы оны одан әрі жақсарту мүмкіндігінің қажет екені байқалды.

Сондықтан ауыспалы егіс жүйесі табиғи климаттық ресурстар мен ауылшаруашылық өсімдіктердің әлеуеттік мүмкіндігіне қарай дақылдардың биологиялық топтарын ұтымды пайдалану жолына бағытталуы керек, бұл әсіресе өңірдің әртүрлі аймақтарында өте маңызды болып табылады. Одан қалды ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін қазіргі заманғы ресурс-қор үнемдеу технологияларына және өнімді егіншілікке көшу маңызды шара болып табылады. Егістік құрылымында ағымдағы жағдайда жүргізілген талдау нәтижесі мен өңірдегі топырақ-климаттық аймақтардағы деректер осыны көрсетті және оны одан әрі қарай жетілдірудің мол мүмкіндіктері бар екені анықталды.

А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығында орналасқан ауыспалы егіс зертханасының көпжылдық стационарлық учаскесіндегі ұзақ мерзімде жүргізілген ғылыми жұмыстарынан алынған деректері бойынша ауыспалы егіс танаптарында әр түрлі ауылшаруашылығы дақылдарын биологиялық ерекшеліктеріне қарай тиімді орналастыру арқылы өсіру экологиялық және экономикалық пайда әкелетіндігі анықталды.

Өңірдегі ауыспалы егістерде негізінен орналасқан дәнді дақылдарды әртараптандыру үшін өнімді ауыспалы егістер принципіне сәйкес ауыстырып отыру керек: дәнді-бұршақты, майлы, отамалы,жармалық, мал азықтықжәне т.б. дақылдарымен алмастыруға болады. Әдетте оларды ауыспалы егістегі таза сүрі жер танабы орнымен алмастыруға болады. Еліміздегі шаруа қожалықтары, фермерлер, үлкен астық компаниялары және т.б. шаруашылықтар өнімді ауыспалы егістер принципін игерер алдында осы аталған шаруашылықтар қай салаға мамандандырылған болуы керек, тек содан кейін ғана біртіндеп көшуге болады. Мысалы өсімдік немесе мал шаруашылығы және т.б. салалары. Өнімді ауыспалы егісте таза сүрі жер танабы болмайды. Осы өнімді ауыспалы егіс кестесінде дәнді дақылдардың үлесі 50%, дәнді-бұршақ дақылының үлесі 25% және майлы дақылдың үлесі 25% болуы қажет. Бұдан басқа да дақылдармен алмастыру арқылы бірнеше нұсқалардың болуы әбден мүмкін (сурет-1).

Өнімді ауыспалы егіс кестесінде майлы және бұршақ дақылдарының орналасуы
Сурет — 1 Өнімді ауыспалы егіс кестесінде майлы және бұршақ дақылдарының орналасуы

 

Так же, читайте: Севообороты, как способ повышения плодородия почвы

Ауыспалы егістің құрылымын осылай әр түрлі ауылшаруашылығы дақылдарымен тиімді орналастыру арқылы өңделген егістік жерлерді ұтымды қолдануға мүмкіндік беріп өнімділігін арттырады және жаздық бидай үшін алғы дақылдардың құрамын кеңейтуге жағдай жасайды.

Жоғары сапалы астық алу үшін жаздық бидайдың ең жақсы алғы дақылдарына минималды, сидералды парлар, көпжылдық шөптер және таза сүрі жер танабынан кейін бірінші себілген дақылды атауға болады, ал жақсы алғы дақылдарға нөлдік парды,бұршақты, майлы, отамалы дақылдарды жатқызуға болады.

Өңірдің құрғақ климатында егіс алқаптарының құрылымында құрғақшылыққа шыдамды, төзімді дақылдардың көлемін көбейтуді қажет етеді. Оңтүстік қара топырақтарда жемдік-дән дақылдары арасынан арпа, сұлы, дәнді-бұршақ дақылдардан ноқат, асбұршақ, күңгірт қара қоңыр топырақтар аймақтарында (Бурабай, Біржан сал, Аққөл, Шортанды) жармалық дақылдардан тары, майлы дақылдардың арасынынан майлы зығыр, дәнді-бұршақ дақылдарынан асбұршақ, ноқат және жаздық жұмсақ, қатты бидайлардың қуаңшылыққа төзімді сорттарын өсіруді ұсынуға болады. Ал кәдімгі қара топырақтарда бидайдың ең құнды күшті сорттарынан басқа арпаның, сұлының, асбұршақтың, жасымықтың, майлы зығырдың, жаздық рапстың егістік алқаптарының көлемін міндетті түрде ұлғайтуды қажет етеді. Егіс алқаптарының құрылымында бұл дақылдардың көлемінің мөлшері әдетте аз болады, сондықтан олар бидай дақылы үшін аса бәсекеге қабілетті болмайды.

Егіншіліктің жоғары мәдениетін ұстанатындар үшін және егістіктегі танаптарға жыл сайын азотты-фосфорлы тыңайтқыштарының қажетті мөлшерін енгізіп өсіретін және ауыспалы егісте таза сүрі жер танабынсыз (парсыз), яғни астықты ауыспалы егістерді қолдану тиімді болады (сурет-2).

Астықты ауыспалы егіс кестесінде ауылшаруашылық дақылдарын нөлдік технологиямен өсіру
Сурет-2 Астықты ауыспалы егіс кестесінде ауылшаруашылық дақылдарын нөлдік технологиямен өсіру

Кәдімгі құнарлы қара топырақтар үшін дақылдарды нөлдік және минималды-нөлдік технологияларын қолдана отырып өсіруде 3-4 танапты дәнді-астықты және өнімді ауыспалы егістердің кестелерін енгізу қажет.

3 — танапты астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-жаздық рапс (қыша), 2-ші танап-жаздық бидай,3-ші танап-жаздық бидай;
3 — танапты астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-асбұршақ (ноқат), 2-ші танап қатты бидай, 3-ші танап-арпа;
4 — танапты астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-күнбағыс,2-ші танап- жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-арпа;
4 — танапты өнімді ауыспалы егісі:1-ші танап-жасымық, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-майлы зығыр, 4-ші танап-арпа;
4 — танапты өнімді ауыспалы егісі:1-ші танап-асбұршақ (ноқат), 2-ші танап- жаздық бидай, 3-ші танап-майлы зығыр, 4-ші танап-арпа;
4 — танапты өнімді ауыспалы егісі:1-ші танап-майлы зығыр, 2-ші танап жаздық бидай, 3-ші танап — асбұршақ, 4-ші танап-жаздық бидай;
4 — танапты өнімді ауыспалы егісі:1.-ші танап-қыша, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-асбұршақ, 4-ші танап-жаздық бидай;
4 — танапты өнімді ауыспалы егісі:1-ші танап-сұлы, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-майлы зығыр, 4-ші танап-арпа;

Осы өңірдің таулы-қыратты және орманды-далалы аймақтарындағы аудандарда (Бұланды, Зеренді және Сандықтау) кейбір жылдары күзгі алғашқы бозқыраулардың ерте болуына байланысты жаздық бидайды үсік шалып пісіп үлгірмейді, сондықтан дәнді-астықты ауыспалы егістердің егістік көлемінің құрылымында жемдік дән дақылдардың үлесін 50%-ға дейін ұлғайту қажет және дәнді дақылдарды біртіндеп минималды өсіру технологиясына көшіру керек.

2 — танапты астықты ауыспалы егісі: 1-ші танап-арпа, 2-ші танап-жұмсақ бидай;
3 — танапты астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-жұмсақ бидай, 2-ші танап-арпа, 3-ші танап-арпа;
4 – танапты астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-сұлы, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық-бидай, 4-ші танап-арпа;
4 — танапты астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-жасымық, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-майлы зығыр, 4-ші танап-арпа;

Жаздық бидайдың аязға немесе бозқырауға ұрынуына байланысты астықтың сату бағасы төмен ескере отырып, ал дән түсімі бойынша, арпа мен сұлы кез-келген жағдайда жаздық бидайға қарағанда 3-4 ц / га артық астық өнімін беретінін ескеру қажет.

Қоңыржай-құрғақшылық аймақтардағы далалық оңтүстік қара топырақта жемдік дән дақылдары астық шығымдылығын 15-20 %-ға арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл аймақта бидай өсіру тиімді, әсіресе, арпа мен сұлы өсіру біріншіден, жалпы астық өндірісін арттырады, екіншіден, кеш себудің арқасында олар ерте көктемгі арамшөптермен белсенді күресуге мүмкіндік береді. Бұл дақылдарды бір деңгейде далалық, мал азықтық және астықты ауыспалы егістерде бірдей өсіруге болады:

2 — танапты астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-жұмсақ бидай, 2-ші танап-арпа;
2 — танапты астықты-отамалы ауыспалы егісі:1-ші танап-жүгері, 2-ші танап-арпа;
3 — танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап-бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді жасыл балаусаға өсіру, 2-ші танап-жұмсақ бидай, 3-ші танап-арпа;
3 — танапты астықты-отамалы ауыспалы егісі:1-ші танап-жүгері, 2-ші танап-арпа, 3-ші танап-қыша;
4 – танапты астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-асбұршақ, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-арпа, 4-ші танап-жаздық бидай;
5 — танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап-асбұршақ-сұлы қоспасы пішенге өсіру, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай,4-ші танап арпа, 5-ші танап-жаздық бидай;

Құрғақшылық дала аймақтарындағы (Аршалы, Қорғалжын, Целиноград, Егіндікөл, Ерейментау) аудандарындағы күңгірт қара қоңыр топырақтарында өсірілген жаздық бидай дақылы өнімділігі бойынша арпадан кем түспейді, егерде біз әлі де жоғары сату бағасын ескеретін болсақ, ал егіс алқаптарының құрылымындағы жем азықтық дақылдардың көлемінің үлесі минималды болуы керек және тек қана шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы қажет:

3 — танапты дәнді-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-арпа, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық-бидай;
4 — танапты минималды парлы астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-минималды пар, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық-бидай, 4-ші танап-жаздық бидай (сұлы);
4 — танапты астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-сұлы, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық-бидай, 4-ші танап-арпа;
4 – танапты минималды парлы астықты ауыспалы егісі:1-ші танап- минималды пар, 2-ші танап жаздық бидай, 3-ң танап-жаздық-бидай, 4-ші танап-тары;
4 — танапты минималды парлы астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-минималды пар 2-ші танап-ноқат (асбұршақ), 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-жаздық бидай;
4 — танапты екпелі парлы астықты ауыспалы егісі:1-ші танап-екпе пар, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-арпа;
4 – танапты минималды парлы астықты ауыспалы егісі:1-ші танап- минималды пар, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-сұлы, көпжылдық астықты-бұршақты шөптер (екпе шөп);

Ауыспалы егістегі таза сүрі жер танабын мал азықтық дақылдармен алмастыру арқылы қосымша өсімдіктің жасыл массасынан көк мал азығы мен сүрлем өнімін алуға болады.Сондай-ақ құрғақшылық дала аймақтарындағы ауыспалы егіс жүйесінде көпжылдық және біржылдық шөптерді өсіру есебінен және алқаптар жемдік ресурстармен толықтырылады.

Егін себумен бірге ұштастырылып жыл сайын азотты-фосфорлы тыңайтқыштарын қолданатын әр түрлі 4-танапты өнімді ауыспалы егістердің келесі кестелері ұсынылады:1-ші танап — жаздық рапс, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-асбұршақ, 4-ші танап-жаздық бидай;1-ші танап-майлы зығыр, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-асбұршақ, 4-ші танап-жаздық бидай;1-ші танап-асбұршақ, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-қыша, 4-ші танап-жаздық бидай; 1-ші танап-күнбағыс, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жасымақ, 4-ші танап-жаздық бидай;1-ші танап-жасымақ, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-майлы зығыр, 4-ші танап-арпа.

Егістік алқаптарда егіншіліктің жоғары мәдениетін қолданатын шаруашылықтарға және жыл сайын егін себумен біоге азотты-фосфорлы тыңайтқыштарын танапқа енгізетін 2, 3 және 4 танапты астықты (парсыз) ауыспалы егістердің кестелері ұсынылады:1-ші танап арпа, 2-ші танап-жаздық бидай; 1-ші танап-арпа, 2-ші танап-қарақұмық; 1-ші танап қыша, 2-ші танап жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай; 1-ші танап-тары, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-арпа;1-ші танап жүгері, 2-ші танап-жүгері, 3-ші танап-арпа; 1-ші танап сұлы, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-арпа; 1-ші танап ноқат, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-арпа; 1-ші танап-асбұршақ, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-арпа; 1-ші танап жүгері, 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-арпа.

Өндіріс жағдайында жақсы өнім беретін дақылдармен қатар, бір жылдық екпе дақылдарды ауыспалы егістерде өсіру жақсы нәтиже береді. Шаруашылықтың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты вегетация кезінде таза сүрі жері танабын мал азықтық дақылдарына алмастырудың екі түрін (нұсқаларын) пайдалануға болады (сурет -3).

Астықты-шөпті ауыспалы егіс кестесінде асбұршақ-сұлы қоспасын пішенге өсіру
Сурет-3 Астықты-шөпті ауыспалы егіс кестесінде асбұршақ-сұлы қоспасын пішенге өсіру

1-ші нұсқасы — жаз айларының бірінші жартысында таза сүрі жер танабын орнына бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді жасыл балаусаға себу және әр түрлі астық-шөпті ауыспалы егістерінен мал шаруашылығы саласы үшін әр түрлі жемшөп өнімдерін алуға болады:

3 – танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді пішенге өсіру (көктемгі себу), 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-арпа;
3 — танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді жасыл балаусаға өсіру (көктемгі себу), 2. танап-жаздық бидай, 3.танап-арпа;
4 — танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді пішенге өсіру (көктемгі себу), 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-арпа;
4 — танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді жасыл балаусаға өсіру (көктемгі себу), 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап-арпа;
6 — танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді пішенге өсіру (көктемгі себу), 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай, 4-ші танап -сұлы, 5-ші танап-жаздық бидай, 6-ші танап-арпа;

2-ші нұсқасы- жаз айларының екінші жартысында таза сүрі жер танабын орнына бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді жасыл балаусаға себу және әр түрлі астық-шөпті ауыспалы егістерінен мал шаруашылығы саласы үшін әр түрлі жемшөп өнімдерін алуға болады:

3 — танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді пішенге өсіру (жазғы себу), 2-ші танап жаздық бидай, 3-ші танап-арпа;
3 — танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап-бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді жасыл балаусаға өсіру (жазғы себу), 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-арпа;
4 — танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді пішенге өсіру (жазғы себу), 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай,4-ші танап-арпа;
4 танапты астықты-шөпті ауыспалы егісі:1-ші танап бір жылдық астықты-бұршақты шөптерді жасыл балаусаға өсіру (жазғы себу), 2-ші танап-жаздық бидай, 3-ші танап-жаздық бидай,4-ші танап-арпа;

Өңірдің барлық табиғи жағдайлары аймақтарында көп жылдық шөптер өсіріледі және оның ең басты қасиетінің бірі мал азықтық маңыздылығын айтуға болады. Олардан пішен, пішендеме, көк азық, жайылымдық азық, сүрлем және витамині мол шөп пен пішен ұндарын дайындауға болады. Мал азықтық көпжылдық шөптердің егістігі арқылы, бір мезгілде, ауыл шаруашылық өндірісінің екі ірі міндеті іске асыруға болады. Біріншіден егіс құрылымының жақсаруы және қоректі элементтердің көзі – органикалық заттар қорының көбею арқылы топырақ құнарлығы элементтерінің қалыпты тұрақталуын қамтамасыз етумен қатар топырақ құнарлығын қалпына келтреді, екіншіден өндіріс жағдайында тұрақты мал азықтық базасын құруға мүмкіндік береді. Аймақтарда негізінен еркекшөп, жоңышқа, эспарцет және олардың қоспаларын араластырып өсіруге болады (сурет-4).

Шөп-танапты ауыспалы егісте эспарцетті мал азығына өсіру
Сурет-4 Шөп-танапты ауыспалы егісте эспарцетті мал азығына өсіру

Өңірдегі астық себетін аймақтарда дәнді дақылдардан басқа 6-8 танапты шөпті-астықты ауыспалы егістерінде көпжылдық шөптер, яғни еркекшөп, жоңышқа, эспарцет және олардың араласқан қоспаларын өсіріп енгізуге олады:

6 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (еркекшөп), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (еркекшөп), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (еркекшөп), 4-ші танап –жаздық бидай, 5-ші танап-жаздық бидай, 6-ші танап-арпа;
6 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (жоңышқа), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (жоңышқа), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (жоңышқа), 4-ші танап –жаздық бидай, 5-ші танап-жаздық бидай, 6-ші танап-арпа;
6 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (эспарцет), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (эспарцет), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (эспарцет), 4-ші танап –жаздық бидай, 5-ші танап-жаздық бидай, 6-ші танап-арпа;
6 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (еркекшөп+жоңышқа қоспасы), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (еркекшөп+жоңышқа қоспасы), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (еркекшөп+жоңышқа), 4-ші танап –жаздық бидай, 5-ші танап-жаздық бидай, 6-ші танап-арпа;
6 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (еркекшөп+эспарцет қоспасы), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (еркекшөп+эспарцет қоспасы), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (еркекшөп+эспарцет қоспасы), 4-ші танап –жаздық бидай, 5-ші танап-жаздық бидай, 6-ші танап-арпа;
8 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (еркекшөп), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (еркекшөп), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (еркекшөп), 4-ші танап көпжылдық шөп 4-ші жылы (еркекшөп), 5-ші танап көпжылдық шөп 5-ші жылы (еркекшөп),6-ші танап –жаздық бидай, 7-ші танап-жаздық бидай, 8-ші танап-арпа;
8 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (жоңышқа), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (жоңышқа), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (жоңышқа), 4-ші танап көпжылдық шөп 4-ші жылы (жоңышқа), 5-ші танап көпжылдық шөп 5-ші жылы (жоңышқа),6-ші танап –жаздық бидай, 7-ші танап-жаздық бидай, 8-ші танап-арпа;
8 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (эспарцет), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (эспарцет), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (эспарцет), 4-ші танап көпжылдық шөп 4-ші жылы (эспарцет), 5-ші танап көпжылдық шөп 5-ші жылы (эспарцет), 6-ші танап –жаздық бидай, 7-ші танап-жаздық бидай, 8-ші танап-арпа;
8 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (еркекшөп+жоңышқа қоспасы), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (еркекшөп+ жоңышқа қоспасы), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (еркекшөп+ жоңышқа қоспасы), 4-ші танап көпжылдық шөп 4-ші жылы (еркекшөп+ жоңышқа қоспасы), 5-ші танап көпжылдық шөп 5-ші жылы (еркекшөп+ жоңышқа қоспасы), 6-ші танап –жаздық бидай, 7-ші танап-жаздық бидай, 8-ші танап-арпа;
8 — танапты шөпті-астықты ауыспалы егісі:1-ші танап көпжылдық шөп 1-ші жылы (еркекшөп+эспарцет қоспасы), 2-ші танап көпжылдық шөп 2-ші жылы (еркекшөп+эспарцет қоспасы), 3-ші танап көпжылдық шөп 3-ші жылы (еркекшөп+эспарцет қоспасы), 4-ші танап көпжылдық шөп 4-ші жылы (еркекшөп+эспарцет қоспасы), 5-ші танап көпжылдық шөп 5-ші жылы (еркекшөп+эспарцет қоспасы),6-ші танап –жаздық бидай, 7-ші танап-жаздық бидай, 8-ші танап-арпа;

Ақмола облысындағы қарашіріндінің мөлшері төмен құрайтын топырақтарында және егістік алқаптарының құрылымында сидералды дақылдарды жасыл тыңайтқышқа өсіру топырақ қабатындағы қоректік заттар құрамы мөлшерін азотты тыңайытқыштарды енгізбей ақ қажетті деңгейде толықтырады, таза табиғи экологиялық өсімдік өнімі алынады және қарашірінді құрамын біртіндеп қалпына келтіреді. Қарашіріндісі өте төмен топырақ түрлері үшін келесі сидералды дақылдарды өсіріп және жасыл тыңайтқышқа жыртып пайдалануға болады: түйежоңышқа, жаздық рапс, қыша, тары, және асбұршақ-сұлы қоспасын 2, 3, 4 және 5 танапты сидералды ауыспалы егістерде пайдалану мүмкіндігі бар (сурет-5).

Сидералды ауыспалы егісте қышаны жасыл тыңайтқышқа өсіру

2 — танапты сидералды ауыспалы егісі:1-ші танап сидералды дақыл (жасыл тыңайтқышқа өсіру), 2-ші танап-жұмсақ бидай (арпа);
3 — танапты сидералды ауыспалы егісі:1-ші танап сидералды дақыл (жасыл тыңайтқышқа өсіру), 2-ші танап-жұмсақ бидай, 3-ші танап-жұмсақ бидай;
3 — танапты сидералды ауыспалы егісі:1-ші танап сидералды дақыл (жасыл тыңайтқышқа өсіру),2-ші танап-жұмсақ бидай, 3-ші танап-арпа;
4 — танапты сидералды ауыспалы егісі:1-ші танап сидералды дақыл (жасыл тыңайтқышқа өсіру),2-ші танап-жұмсақ бидай, 3-ші танап-жұмсақ бидай, 4-ші танап-арпа;
5 — танапты сидералды ауыспалы егісі:1-ші танап және 2-ші танап түйежоңышқа (жасыл тыңайтқышқа өсіру),3-ші танап-жұмсақ бидай, 4-ші танап-жұмсақ бидай, 5-ші танап-арпа;

Так же, читайте: Какие культуры включить в севооборот для предотвращения септориоза пшеницы

Қортынды

Ауыспалы егістердің ұсынылған әр түрлі кестелерін қатаң сақтамағанымен, дәнді дақылдарды, дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдармен, майлы және мал азықтық дақылдармен алмастыру принципін ұстану керек. Дәнді-бұршақ, майлы, отамалы, мал азықтық дақылдар ауыспалы егісте өз орнына 4-5 жылдан кейін қайта оралу ұсынылады.

Егістік алқаптарын пайдалану құрылымын жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша жаздық бидай егілетін алқапты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көлемге дейін қысқарту және астық өндірісінде тек нарықта экспортқа кепілдендірілген және сұраныста бар сатылатын өнімді ғана өндіру мен қатар, алынған өнімді қайта терең өңдеумен айналасу қажет.

Нарықтық экономиканың сұранысына байланысты осы ұсынылып отырған далалық, мал азықтық және сидералды ауыспалы егістер топырақ пен климаттық жағдайға біршама жақын сәйкес реттеліп және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру арқылы егіншілік саласын мен бірге ауыспалы егістердің жүйесіне арналған практикалық ұсыным болып табылады.

Қияс Алдаберген АлдаоңғарұлыҰсынымды дайындаған:
Ауыспалы егіс зертханасының меңгерушісі
Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы

Контакталық деректер:
Мобильдік телефонның нөмірі: + 7 702 836 79 89
Тел. 8 (716 – 31) 2 -30 -29, факс. 8 (716 – 31) 2 -30 -32
E- mai: kiyas.aldabergen@mail.ru

Поделиться:

Похожие статьи