Су айдындарында кездесетін бөгде туысқа жататын балық түрлері және олардың енген ортаға әсері

30.09.2021 233
зарыбление водоемов

Систематикалық жағдайы бойынша бөгде туысқа жататын түрлердеп өзінің тіршілік етіп отырған ортасынан басқа ортаға арнайы немесе кездейсоқ енген түрлерді айтады. Бұндай түрлер басқа ортаға барғанда орта қолайлы болсатез бейімделіп кетеді. Бөтен түрлер бүкіл әлем бойынша кең таралған және тірі организмдердің барлық категорияларында (өсімдік, жануар, балық және т.б.) және экожүйенің барлық түрлерінде кездеседі.

Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында балықтың бөгде туыс түрлеріне қара тыран, ақсаха, тиляпия, жыланбас балықтарды, одан өзге кәсіптік маңызы жоқ, тіршілік ету циклі қысқа, қытай кешеніне жататын горчак, медака, қытай қоңқақ мұрынды бұзаубас балық, жалған теңге балық, амур шабағы және т.б. балықтарды жатқызуға болады. Аталған балықтардың барлығы дерлік көршілес ҚХР, яғни, трансшекаралық Іле өзенінен келді деуге болады.Бөгде түрлер биоалуантүрлілікке, экожүйеге, популяциялардың тіршілік ету ортасына кері әсерін тигізеді. Олар тіршілік ету ортасының өзгеруіне, қоректік бәсекелестік, жыртқыштық, ауру және генетикалық әртүрліліктің жоғалуына әкеп соғады. Су айдындардағы енген бөгде түрлердің бар-жоғын анықтау үшін ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Биоалуантүрлілікті сақтау қазіргі кездегі өзекті мәселе болып табылады.Бұл «Биологиялық алуантүрлілік жөніндегі» Конвенцияда да көрініс тапқан. Осы өзекті мәселені шешуге себепші болу мақсатында «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС «Қазақстанның негізгі балық шаруашылық суқоймаларындағы балық ресурстары мен басқа да гидробионттардың жағдайын кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстар әзірлеу» Бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолға алды.

«Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС, ихтиология зертханасының аға ғылыми қызметкері Аблайсанова Г.М.

Также читайте: Артемия — экспортоориентированный биоресурс РК

 

Поделиться:

Похожие статьи