Жаңа стратегия бақытты болашаққа бастар бағдарлама болады

02.09.2021 220
наука

Өткен кезең әлем халқы үшін жеңіл сынақ болмады. Соған қарамастан, қазақстандықтар жаhандық экономикалық дағдрыстардың ауыр зардаптарына душар бола қойған жоқ. Себебі, Мемлекет басшысы халыққа арнаған өзінің жолдауында батыл да табанда старатегиялық міндеттерді қоя отырып, еліміздің дамуы мен қазақстан халықтарының игілігіне дамылсыз қызмет етіп келеді. Сондықтан, әр тарихи құжатты халықтық тұғырнама ретінде қабылдап, жыл жаңарғандай жаңалық деп сезінеміз.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың бұл жолғы Жолдауын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның ұжымы Жолдауды мұқият тыңдап, талдау жасай отырып, болашығымыздың жақсаратынын көз алдымызға елестетіп отырдық. Жан-жағымыздағы қауіп-қатерлер қамалап тұрған сәтте тығырықтан шығудың стратегиялық даму қарқынымызды айқындап беруі нақты мақсат-мүдені көздейтіні анық. Оған қазақстандықтарды әрдайым бірлікке, ынтымақтыққа, пайдалы еңбекке жетелеп келе жатқан Президентіміздің қабілеті әбден жетеді.

Мемлекет Басшысы табысты болашақтың негізі — білім мен ғылымда жатқанын, оқу бағдарламаларын заманауи жағдайға бейімдеу, қашықтықтан оқыту нәтижесін ұлттық телекоммуникация желілерімен арқылы арттыру, білім беру жүйесіне білікті мамандардың қажеттілігін, ғылымды дамыту, жетекші ғалымдарды және ұстаздарды қолдау мақсатында қолжетімді еңбек, лайықты жалақы, қолайлы инвестициялық ахуал құру секілді тетіктер экономикалық өсуіне ықпал ететінін нық басып айтты.

Осы Жолдауда айтылған білім мен ғылымды қолдау дегені осы саласында жүрген ғалымдар мен ұстаздарды жігерлендіреді және жауапкершілікпен жұмыс істеуге жетелейді. Ол үшін білім мен ғылым саласында бәсекелестік ортаны қалыптастырып, белгілі бір нәтижеге жетуге тырысуымыз қажет. Жаңа стратегия бақытты болашаққа бастар бағдарлама болады.

Насырханова Бақыт Қайырғазықызы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның білім сектороның бас менеджері, РФ биология ғылымдарының докторы, профессор

Также читайте: Сенатор Куришбаев поделился впечатлениями о Послании Президента

 

Поделиться:

Похожие статьи