Спорттық — әуесқойлық балық аулау қалай және қандай жағдайдажүргізіледі

29.09.2021 2 961
рыбаки

Спорттық – әуесқойлық балық аулау — спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстар өткізу үшін, сонымен қатар, аулауға арналған өнімдерді жеке тұтыну мақсатында, тек балық аулауға мүмкіндік беретін балық аулау құралдарымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер) жүзеге асырылатын балық аулау түрі.

Сондай-ақ, спорттық — әуесқойлық балық аулау — бұл ашық ауада демалатын халықтың ең жақсы көретін хоббиі болып табылады. Елімізде спорттық-әуесқойлық балық аулауды халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде, сонымен қатар, жануарлар дүниесін пайдаланушымен белгіленген арнайы орындарда, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде рекреациялық балық аулау үшін ұйымдастыруға болады.

Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық)балық аулауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Жануарлар дүниесін өсімін молайту мен пайдалану туралы» ҚР Заңының 26-бабының 2-тармағын көрсетілгендей, 1 балықшыға 5 кг дейін балықты рұқсатсыз аулауға болады, егерде 5 кг астам балық аулау жағдайында жазбаша өтініш бойынша жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу қажет.Өтініш бергеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде дайын болады. Тіркелген балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінде балық аулау жолдама негізінде жүзеге асырылады. Жолдамаларды ақылы түрде балық аулау квотасы арқылы немесе тағайындаған табиғи ресурстарды пайдаланушылар береді (құнын табиғатпайдаланушылардың өзі анықтайды). Балық аулаушы спорттық әуесқойлық балық аулау кезінде өзімен бірге:жолдама (бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде);рұқсат (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бес килограммнан астам балық және басқа да су жануарларын аулау кезінде);жеке басты куәландыратын құжат болады.

Қазіргі жағдайда басқа елдермен салыстырғанда елімізде спорттық – әуесқойлық балық аулау енді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Мысалы,Қапшағай су қоймасымен қатар, оңтүстік және шығыс жағалауларында демалыс аймақтары дамып келе жатқан Алакөл көлдер жүйесі үшін де спорттық-әуесқойлық балық аулауды дамыту перспективті болып табылады.

«БШ ҒӨО» ЖШС ихтиология лабораториясының ғылыми қызметкері: Амирбекова Ф.Т.

Также читайте: Удивительная артемия

 

Поделиться:

Похожие статьи