Аграрлық білім мен ғылымға деген жаңа серпін

04.09.2023 767
органическая прдукция

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 01 қыркүйектегі Жолдауын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның ұжымы тыңдап, талдау жасай отырып, болашығымыздың жақсаратынын көз алдымызға елестеткеніміз қуантарлық жағдай. Осы Жолдау Қазақстанның ең маңызды мәселелеріне арналды.

Бастысы аграрлық ғылымды дамытып, ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу, сондай-ақ ғылым зерттеулерінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналуымыз керек екенін нық айтты.

Сонымен қатар, Жолдауда барлық экономикалық блоктардың ішінде өсімдікпен су тапшылығына жан-жақты тоқталды. Мұндағы ең басты мәселе салаға кадрлар даярлауды күшейту қажеттігін атап өтіп, Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл жерде біз нақты өзгерістерді көріп отырмыз.

Қазіргі кезде біздің аграрлық университеттер тарапынан білікті кадрлар даярлау мәселесіне көп көңіл бөлуде. Шет мемлекеттердегі аграрлық жетекші жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыс жасап, серіктестік орнатты. Аграрлық даярлау бағытында оқып жатқан білім берушілерге арналған, яғни жұмыс берушілердің талабымен шетелдің тәжірибесі ескерілген, білім беру бағдарламалары әзірленіп, бекітіліп, оқу процесіне қосылды. Оған қоса студенттік жатақханалар салу, кәсіптік стандарттар әзірлеу т.б.қыруар жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласын және оның аграрлық ғылыммен қолдағаны салада жүрген ғалымдар мен қызметкерлерді жігерлендіреді және жауапкершілікпен жұмыс жасауға жетелейді. Ол үшін білім, ғылым, өндірісті ұштастырып, зерттеулер нәтижесін өндіріске енгізуіміз қажет.

Насырханова Бақыт Қайырғазықызы
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру
орталығы» КеАҚ-ның қызметкері,
РФ биология ғылымдарының докторы, профессор

Поделиться:

Похожие статьи