Маусым кезінде трактордың тоқтап қалуы: қосалқы бөлшектердің сапасы шаруашылық экономикасына қалай әсер етеді
Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету — егін егу немесе жинау сияқты өндірістің маңызды бөлігі. Су сорғысының, стартердің, датчиктің немесе рульдік басқару бөлшегінің істен шығуы техниканы ең қажет сәтте тоқтатып қоюы мүмкін.
Сондықтан тракторды жөндеу кезінде бөлшектің бағасын ғана емес, техниканың тоқтап қалуының шығынын да ескеру маңызды. Бұған егіс жұмыстарының мерзімінен кешігуі, қосалқы бөлшектерді шұғыл жеткізу, механиктердің артық жұмыс сағаттары және қайта жөндеу қажеттілігі жатады.
febi Agriculture жаңа бағыты тракторларға техникалық қызмет көрсетуге арналған. Оның негізгі басымдықтары — сапа, бөлшектерді дәл таңдау және сенімділік. Бағытқа жеңіл және жүк автомобильдеріне арналған қосалқы бөлшектерімен танымал немістің febi өндірушісінен ауыл шаруашылығы техникасына арналған арнайы компоненттер кіреді.
febi өнімдерінің барлығына өндірушінің 3 жылдық кепілдігі беріледі. Бұл — ең арзан бөлшекті іздеуден гөрі жөндеу жұмыстарының болжамды әрі сенімді болғанын қалайтын сервистік орталықтар, дүкендер мен шаруашылықтар үшін маңызды артықшылық.
febi Agriculture бағыты туралы толығырақ ақпарат алып, өнім ассортиментімен febi.kz сайтында танысуға болады.